Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Маңғыстауда

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 25.02.2019 3204 0 пікір
Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Маңғыстауда

Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбековтың шақыртуымен Нұр-Мүбарак университетінің «Тәрбие және дін істер» бөлімінің меңгерушісі, исламтану кафедрасының оқытушысы, доктарант Оралхан Сейдманов ақпан айының 22-23 күндері Маңғыстау облысына арнайы іс-сапармен келді.

Іс-сапарда Маңғыстау облыстық орталық мешітінде, Жаңаөзен қалалық орталық мешіттерінде «Әділеттілік», «Жақсылыққа шақыру», «Білім алудың маңыздылығы» турасында жамағатқа әсерлі уағыз айтты. 

Сонымен қатар, 2019 жыл «Ислам және жастар» жылы аясында докторант, Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Оралхан Сейдманов қала, аудан мешіт жастарымен арнайы кездесті.

Аталмыш кездесуге Маңғыстау облыстық орталық мешітінің жанынан құрылған «Ізгілер жолы», Мұнайлы аудандық мешітінің жанынан құрылған «Шапағат жолы», Маңғыстау ауылдық Миғраж мешіт жанынан құрылған «Үммет жастары» қатысты.

О.Сейдманов «Жастар - еліміздің болашағы. Жастық шақ адам өміріндегі мүмкіндігі зор, қайрат жігерге толы керемет кезең. Сондықтан жастық шақта қолдағы барлық мүмкіндікті пайдаланып, білім ізденіп, екі дүниеде де сауапты істерге жұмсау керек»-, деді. «Жас шағында жасалған құлшылық» тақырыбында мағыналы уағызымен жиынды аяқтап, жамағаттың толғандырған сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру