Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстауда намазхана ашылды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 25.02.2019 3271 0 пікір
Маңғыстауда намазхана ашылды

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданына қарасты Ералы станциясында заман талабына сай намазхана ашылды.

Осыған дейін 500 тұрғыны бар ауылда мешіт қажеттілігі байқалатын. Тұрғындар 7 шақырымдық аудандық орталық мешітке барып жұма намазын және басқа да құлшылықтарын өтейтін. Мұсылмандардың мінәжат орнына өткір қажеттілігін көрген ауыл азаматы өз жер теліміне намазхана салып, тұрғындардың ақ батасын алды. Намазханада ерлер залы, әйелдер залы, даретханасы бар, құлшылық жасау үшін барлық жағдай жасалған. Ел игілігине тапсыру салтанатында Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиев арнайы барып, құттықтау сөз сөйледі.

Ашылу сәтінде Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков «Бүгін баршамыз жиналып, үлкен сауапты істің куәсы болып отырмыз, жаңадан салынған намазхана жастарға рухани тәрбие беретін, ауыл тұрғындарының шынайы ниетпен жиі барып, Аллаға мінәжат ететін орынға айналады деген үміттемін. Осы намазхананы салған азаматқа, және сөз жәрдемін, қол жәрдемін берген барша бауырларға Алла Тағала екі дүниеде де сауаптан жазсын», — деді.

Ауыл тұрғындарының көкейкесті мәселесінің шешілгеніне ауыл ақсақалдары да қуанып, ақ батасын беріп жатты.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру