Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының жанынан ашылған «Шарапат» ұйымының ашылу салтанаты болып өтті. Ұйымның ашылу салтанатында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Бекқожа қатысып, жастарға өзінің ізгі тілегін жеткізіп, батасын беріп, құттықтау сөзін жеткізді. «Жастар ісі» секторының өкілі, әрі «Шарапат» ұйымының жетекшісі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлының айтуынша аталмыш жастар ұйымы алдағы уақытта әртүрлі ізгі шаралар атқарып, қоғаммен тығыз байланыс орнатуды жоспарлап отыр.
Ұйымда ЖОО-да білім алып жатқан жүзге жуық оқу белсенділері бар. Ұйым мүшелері үш нәрсені үнемі жандарында ұстап, сол бойынша ізгілікке жол бастамақшы. Бұл үш нәрсе: өзіңді құрметтеу, өзгелерді құрметтеу және өз жасаған әрекетіңе жауап бере білу.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі
25.02.2019
3114
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру