Маңғыстау облыстық орталық мешітінің әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Г.Жұмағалиева мен ДІБ қарасты ақпараттық талдау орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында 7 кезеңнен тұратын спорттық шара ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға орталық мешіт жамағатымен қоса «Ар-Рахман», «Төлей-Ишан», «Бекет ата» мешіттерінен қатысуға 80-ге жуық қыз-келіншек өтініш білдіріп, жалпы саны 8 команда жасақталды. Командалар секіртпе тебу, шеңберді айналдыру, қаппен жарысу, доппен жүгіру, жарыса жүгіру сынды ойындардан сайысқа түсті. Бұл сайыстың ерекшелігін айта кетсек, жасы 60-қа жақындаған апаларымызда шараға қатысуға ниет білдіріп, жастардан қалыспай өз біліктіліктерін ортаға салды.
Шара соңында әділ қазы болған әйелдер қыздар секторының жетекшісі Г.Жұмағалиева «Шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз, жеңіс емес, мұсылмандар арасында бауырмашылық пен достықты нығайту, сондықтан бұл сайыста достық жеңді»,- деп, шараға қатысқан барлық қатысушыға сыйлықтар үлестірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
25.02.2019
2926
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру