Шымкент қаласындағы өкілдікке қарасты Әл-Фараби аудандық «Абдулхамит Қаттани» мешітінде «Ақида ілімінің шамшырағы - Абу Мансур әл Матуриди» атты жамағат біліктігілін арттыруға арналған жарыс өткізілді.
Аталмыш жарысқа аудандық мешіттің бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, наиб имамдар әрі ұстаздар Анарғали Керімбеков, Ақтөре Тұрапбай төрелік етті. Жарыс ақида (сенім), фиқһ (шариғат үкімдері) қағидаларын жатқа айтудан мешіт жамағаттары арасында өткізілді.
Айта кету керек, осы жарысқа дейін осы мешіттің наиб имамы Тұрапбай Ақтөренің тұрақты жамағатқа «Әл-Уасия», «Фиқхул Акбар» және «Кабайр» кітаптарынан дәріс берген болатын. Аталған жиынның жеңімпаздарына, бағалы сыйлықтар табысталып, «Мумтаз» асханасында дастархан жайылды. Жарысқа 120 адам қатысты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
25.02.2019
3176
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру