Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Абдулхамит Қаттани» мешітіде «Жан жылуы» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Қайырымдылық шараға Шымкент қаласына қарасты мешіттермен ерікті жастар тобы мұрындық болды. Негізгі мақсат – адамдардың бір-біріне мейірімділік пен ізгілік қасиеттерді арттыру болып табылады.
Қайырымдылық шара барысында мешіт ауласына арнайы түскі ас әзірленіп, 800 адамға тегін таратылды. Осындай шараға үлес қосқан барша жастарға «Абдулхамит Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы уағыз айтып, алғысын білдірді.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта осындай шара жалғасын табатынын жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
25.02.2019
3304
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру