Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайлық жастар семинарға қатысты

 Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 22.02.2019 2852 0 пікір
Қостанайлық жастар семинарға қатысты

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялануына байланысты, Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде 2019 жылы 19 ақпанда «Дін және ғылымның сабақтастығы. Жастарымыздың діни сауатты, дүниеуи білімді болуы заман талабы» атты семинар ұйымдастырылды.

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің деканы Азамат Жақсыбекұлы Исабаевтың қолдауымен арнайы жетекшілерімен бірге 50 шақты студент осындай маңызы зор мәдени шараның куәгері болды.

«Мемлекет басшысы Жолдауында озық нанотехнологиялар мен инновацияны, ғылыми жетістіктерді барынша кеңінен пайдаланып, барлық салаға енгізумен қатар, экономиканың тиімділігін арттыру мәселесіне де басымдық берді. Бұл салаға тек ғалымдардың ғана емес, өндірістің, индустрия өкілдерінің күш-қайраты керек. Олар да ғылымға қарай қадам жасауы тиіс» - деп Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Дүйсен Сәрінжіпұлы тақырыпқа толығырақ тоқтала кетті.

Сондай-ақ, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің информатика кафедрасының оқытушысы, жаралыстану ғылымдарының магистрі Қалыбек Мауленов мырза «Ғылымның дінмен қатынасы» туралы сөз қозғады.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру