Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының ұйытқы болуымен «Қуанса, бала қуансын!» атты кезекті қайырымдылық шарасы қолға алынды. Бұл шараны Ақсу аудандық орталық мешітінің жастар ісі секторы аудан орталығындағы «Молықбай Байсақұлы» атындағы мәдениет үйінде өткізді.
Шараның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету, мейірімділік таныту.
Кешке мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасылардан шыққан 130 бала шақырылды. Ақсу аудандық халық театрі «Қаңбақ шал» ертегісін сомдаса, өнер үйірмелерінің талантты жастары балалардың көңілін көтеріп, қуаныш сыйлады. Қайырымдылық кеш соңында аудан имамы Анарбай Тасболатұлы балаларға тілектерін айтып, мектеп құралдары, тәттілер мен жеміс-жидектер салынған сыйлықтар табыстады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі
22.02.2019
2842
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру