Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы қалалық «Ирбис» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасы арқылы «Қайырымдылық-мүміннің негізгі сипаты» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат басында өкіл имам қайырымдылық, мейірімділік, адамгершілік туралы Құран аяттары, хадис және сүннет мысалдары арқылы нақты түсініктеме берді.
Сонымен қатар облысымыздағы ауыл, аудан, қала мешіттері тарапынан 2018 жылғы және биылғы жыл шыққалы бергі жасалып жатқан әртүрлі қайырымдылық шаралары, басқа да өткізіп жатқан науқанды көмекетерін кеңінен атап өтті, қалталы азаматтарды сауапты шараларға үлес қосуға шақырды.
Мәселен, облыс мешіттері мен жамағаты 2019 жыл шыққалы «Ел үлесі-пәтерге!» науқаны арқылы алдағы наурыз мерекесі қарсаңында мұқтаж болған көп балалы отбасына Павлодар қаласынан 2 бөлмелі пәтер алып беруге дайындық жасауда, ал Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ аулында болған отбасымен иіс тиіп опат болған отбасының артында қалған балаларына және Астанада 5 бала өртеніп кеткен оқыс оқиғалар тұсында да мешіттердің ұйымдастыруымен Павлодар жамағаты шынайы көмек қолын созғанын мысалдармен келтірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
21.02.2019
2698
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру