Өңіріміздің Алтынсарин ауданы, Обаған ауылындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 9 сынып оқушылары сабақтан бос уақытында көмекке мұқтаж қарт кісілерді қамқорлыққа алып, олардың үйінің алдын қардан тазартып, үй шаруаларына қолғабыс етеді.
Сол сияқта аудан орталығындағы мешітке келіп, киелі орынның сыртындағы қарды да тазартып, іштегі кілемдерді далаға қағып, шаңсорғышпен тазалауға да өздерінің үлестерін қосуда.
Бұл қайырымдылық шаралары биылғы жастар жылының аясында ұйымдастырылып, ұл мен қыздарды еңбек сүйгіштікке баулып жатқаны белгілі.
Мешіт ұжымы жастардың мұндай игілікті іспен айналысуларына шынайы алғыстарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
21.02.2019
3396
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру