Қазақстан республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жыл - Жастар жылы деп жариялауына орай Алматы облыстық "Қарасай батыр" мешітінің ұйымдастыруымен Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы "Атамекен" тарихи-мәдени орталығында "Жастар және жат ағымдар" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Бұл жиынға ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы, жастар ісі бойынша жауапты қызметкер Нұрбол Мақсұтұлы, әкімшілік қызметкерлері және колледж студенттері қатысты.
Алғы сөзді бастаған өкіл имам, ең алдымен, жат ағымдар тарапынан алдау-арбауға ұшырап, теріс діни уағызына уланып, шетел асып кеткен азаматтарға Қазақстан билігі адамгершілік танытқанын және аталмыш азаматтардың қателігі отандастарымызға ескерту болып, басқаларды сақтандыруы тиіс екенін жеткізді. Осы уақытта жастарымызға қазақ халқының салт-дәстүрі мен асыл дініміздің құндылықтарын, бауырмалдық пен парасаттылық қасиеттерін насихаттауымыз қажеттігін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында жастар қауымына жат діни ағымдар сипаты жайында насихат айтылып, бейне баян көрсетіліп, сұрақтарына жауап берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі
21.02.2019
3126
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру