Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Облыс имамдары сараптаудан өтуде

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 20.02.2019 3397 0 пікір
Түркістан: Облыс имамдары сараптаудан өтуде

Сарыағаш медресе-колледжінде Түркістан облыстық өкілдігі бойынша сараптаудың ашылу рәсімі өтті. Облыс бойынша сегіз жүзге жуық имам, молда, азаншылар білімдерінің деңгейін таразыланбақ. Олар ақида, фиқһ, заң бойынша сұрақтарға жауап беруі тиіс. Әр сұраққа 20 минуттан уақыт бөлінген.

Діни басқарманың бөлім меңгерушісі Нұрбек Әуезханұлы жаңа жүйенің ерекшеліктері мен ережесімен таныстырды. Білім сынағынан ең үздік көрсеткішке ие болғандары «500 зияткер имам» жобасының тізіміне тіркеледі.

Комиссия Төрағасы, наиб мүфти Алау Әділбаев аттестаттауға қатысушыларға сәттілік тілеп, дінге сіңіріп жүрген қызметтеріне алғыс білдірді. 

Айта кету керек, облыс орталығы көптеген аудандарға қашық болғандықтан, аттастациялауды үш жерде бөліп өткізуге тура келді. 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру