Талдықорған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Талдықорған өңірлік өкілдігі не қарасты орталық «Иман» мешітінің жастар ісі секторының қатысуымен «Қарттарым - асыл қазынам» атты қайырымдылық акциясы басталды. Белсенді жастар еңбек ардагері Жарасбекова Мырзакелді апамыздың ауласындағы қарды күреп, шаңырағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Қайырымдылық акциясының мақсаты- қарттарымызға қамқорлық танытып, қоғамымызды мейірімді болуға шақыру. Акцияның ерекшелігі - ардагерлердің бір күндік тіршілігіне атсалысу.
Аталмыш акция алдағы уақытта өз жалғасын табады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі
20.02.2019
2826
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру