Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Имамдар педагогикалық университет студенттерімен кездесті

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 20.02.2019 2749 0 пікір
Павлодар: Имамдар педагогикалық университет студенттерімен кездесті

Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті  Павлодар қаласындағы Мемлекеттік Педагогикалық университетінің гуманитарлық факультетімен бірлесіп  жастардың рухани сауаттылығын ашу, жастарға өнеге, насихат айту мақсатында өкіл имам Жолдас Қоспақұлы және  қалалық  «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Нұрлан Евфратұлымен  кездесу ұйымдас тырды. Имамдар  студенттермен кездесу барысында салиқалы әңгіменің басы жат ағымдарға итермелейтін бұрыс жолдардан сақтану, жастардың тура жолды ұстануы, оқу-білім, ашық сана-сезім, діни тұрғыдағы тәрбие, экстремистік идеологияға қарсы тұру қатарлы  мәселелерді қамтыды.

Өнегелі кездесу шарасы тақырыптарының ендігі бір тарамы мұсылмандықтың қағидалары, толеранттылық, ізгілік, бата, садақа, зиярат ету сияқты мәселелерді көтерді.

Кездесу соңында сөз кезегін алған студенттер жағы көкейінде жүрген сауалдарын қойып, имамдардың  жауапқа қоса айтылған кеңестерін тыңдады. Осы да өзге мәселелер жайында бас имам жастарды қызықтырып жүрген-ау деген әңгімелердің төңірегінде егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру