Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оралда Құран жарысы өтті

 БҚО өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі 20.02.2019 3173 0 пікір
Оралда Құран жарысы өтті

Тұңғыш рет ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы Қазақ-Вайнах достық клубының ұйымдастыруымен Құранды жатқа оқудан мектеп оқушылары арасында жарыс өтті.

Сайысқа облыс, қала, аудан мешіттер жанындағы сауат ашып жатқан 40 үміткер қатысты. Жарысқа қатысушылардың Құранды жатқа айту, оқу қырағаты, тәжуид және көркем оқу қабілеті бағаланды. Алдымен Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов игі шара барысында елдің болашағы бүгінгі жас баланың, ертеңгі азаматтың қолында екенін тілге тиек етсе, Қазақстан халқы Ассамблеясы БҚО филиалы хатшылығының меңгерушісі Ғайса Қапақов пен «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының жетекшісі Данильбек Саратов ақжарма тілегін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа облыстық орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы, аталмыш мешіттің азаншысы Асхат Асылбеков, Орал қаласындағы Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы мешіттің наиб имамы Саят Қанатқалиұлы төрелік етті.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Рафхат Қайыржан (Сырым ауданы), 2-орынды Абдрахман Батырұлы (Орал қаласы), 3- орынды Омар Махамбетұлы (Орал қаласы) иеленді. Дипломдар мен ақшалай сыйлықтарды мәртебелі қонақтар табыс етті.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру