Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Сүндеттеу – сүннет жолы

Талдықорған өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі 19.02.2019 3433 0 пікір
Талдықорған: Сүндеттеу – сүннет жолы

Пайғамбар ﷺ сүннетінің адам баласына берер пайдасы ғылыми тұрғыда дәлелденіп жүргені ақиқат. Небір ғылыми зерттеулер өзгелер үшін қисынсыз көрінген көп дүниелердің құпиясы мен пайдасын аша бастады. Соның бірі – сүндетке отырғызу.

Пайғамбарымыз ﷺ : «Бес амал фитраттан: сүндетке отыру, кіндік асты түкті алу, қолтық түгін қыру, тырнақ алу және мұртты басу», - деген екен.

Алматы облысы, Текелі қаласындағы «Керімбек би» мешітінің имамы Аман Айтбосынұлының ұйымдастыруымен «Сүндеттеу – сүннет жол» атты шара өтті. Аталмыш шараға Алматы қаласынан арнайы тәжірибелі дәрігер-xирург шақыртылып, лазер тәсілімен 70-ке жуық бүлдіршін балалар сүндетке отырғызылды. 

Бүлдіршіндердің ата-аналары шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру