Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Жат ағымнан аулақ жүрейік

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.02.2019 2706 0 пікір
Қостанай: Жат ағымнан аулақ жүрейік

Өткен жұма күні Қостанай облысының барлық қалалық және аудандық мешіттерінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан берілген тапсырмаға сәйкес «Сириядан оралғандар» бейне баян көрсетіп, сілтемесі жазылған парақшаларды келушілерге таратты.

Сонымен қатар жат ағымдардың алдын алып, оларға тосқауыл қою қажеттілігі сөз етіліп, қоғамда өз орнымызды тауып, халық арасында бүлік шығарушы емес, бірлікке шақырушы болу қажеттілігі туралы уағыз-насихат айтылды.

Ата-бабамыздан үлгі болған салт-дәстүрімізді берік ұстанып, Құран, хадистерімізді ардақтау, дәстүрлі дінімізді қадірлеп-қастерлеу жайы да әңгіме арқауына айналды.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру