Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана: Мешіт жанынан адал өнімдер сатылатын дүкен ашылды

ummet.kz 19.02.2019 4143 0 пікір
Астана: Мешіт жанынан адал өнімдер сатылатын дүкен ашылды

Мешіт жанынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал-Даму» ЖШС-ның стандарттары бойынша сертификатталған адал өнімдерді сатумен айналысатын арнайы дүкен ашылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Дінімізде адал астың маңызы айырықша. Сондықтан да бүгінгі таңда халық арасында адал ризықтың мәні мен маңызын түсінген жұртшылықтың «халал» стандартына сай өміндерге деген сұраныстың артып келе жатқаны көңіл қуантады.

Осы сұранысты ескере отырып, мешіт жанынан «Safua» деп аталатын адал азық-түлік дүкені өз жұмысын бастады. Дүкенде күнделікті тұтынуға арналған ет, сүт өнімдері мен азық-түлік сатылуда. Айталық дүкенде жылқы, сиыр, қой, тауық еттері, фарш, шұжықтар мен сүт өнімдері мен сусындар сатылумен қатар мешітке келушілер үшін тандыр самса, ыстық шай, т.б. азық-түлік өнімдері ұсынылып отыр.

Дүкен таңғы 09:00-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс жасайды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру