Бүгін Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «Ана бақыты-бала бақыты» атты рухани шара болып өтті. Айтулы шара аймағымызға қарасты көп баланлы аналар мен жалғыз басты аналардың құрметіне ұйымдастырылды. Ақ жаулықты аналар бас қосқан рухани отырыста ақ дастархан жайылып, аналарға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының өкілі Мұсабеков Нұржігіт келген қонақтарға уағыз-насихат айтып, Құран оқыды.
Айтулы шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат - ана мен балаға көмек беріп, қоғамды осындай игі іске шақыру, ана мен балаға жәрдем беру, қолдау, мейірімділікке жол бастау.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
18.02.2019
3145
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру