Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде жұма күні, намазға жиналған жамағатқа "Жусан" операциясы аясында Сирия даласынан елге оралған қазақстандықтардың өкініші бейнеленген видеожазба көрсетілді.
Өзін "Алматы облысының тұрғыны Зухра Кенжебаевамын"деп, таныстырған азаматша Сирия жерінде ешқандай да исламның жоқ екендігін, ол жер қатыгездік пен нәпсіқұмарлықтың ордасы екендігін баяндайды. Теріс ағымның ықпалына түсіп, қайғы жұтқан әйелдің жағдайы көпке сабақ болуы тиіс. Видео көрсетілімінен кейін Атырау облысына қарасты барлық мешіт имамдары жат ағымның қасіреті, шынайы исламның шарапаты жөнінде кеңінен уағыз айтты.
Еске сала кетелік, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен бір ай бойы жүргізілген "Жусан" операциясы нәтижесінде Сирия жерінен елге 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала қайтарылған болатын.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз қызметі
18.02.2019
2460
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру