Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Жамағаттың жағдайын ескерді

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 15.02.2019 2713 0 пікір
ШҚО: Жамағаттың жағдайын ескерді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітіне келетін халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында қала басшылығының бастамасымен бүгінде мешіт айналасында бірқатар шаруалар атқарылуда.

Жақында ғана облыстық «Халифа Алтай» мешітінің аялдамасы жөнделіп, халыққа қолайлы болып қайта жабдықталды. Жылы аялдаманың ішіне телефон қуаттағыш қойылып, бағыттар картасы ілінді.

Бұл туралы «Халифа Алтай» мешітінің Іс басқарушысы Берік Кәдіров: «Мешітке келуші жамағатқа қолайлы болу үшін бұл бағытта жергілікті басшылық бірқатар ұсыныстар талқылаған болатын. Жылы аялдама бүгінде халықтың қажетіне жараған нағыз игілікті іс болды. Алдағы уақытта мешіт алдынан жаяу жүргіншілерге арналған аспалы жол салынғалы отыр. Бұның барлығы қаламыздың көркеюі мен мешітке келетін жамағаттың жыл санап көбеюімен тығыз байланыcты. Біз осындай игі істер жасап отырған шаһар басшысына алғыс айтамыз»,- деп өз ойын білдірді.

Қала тұрғындары да бұл өте бір игілікті іс болғандығын айтып, бастама иелеріне ризашылықтарын білдіруде.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру