Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда "Тегін такси" акциясы өтті

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 14.02.2019 2921 0 пікір
Қостанайда "Тегін такси" акциясы өтті

Көпшілікке мәлім, ақпан айының екінші аптасында жалпы Солтүстік өңірде күн аязды болды. Ол адамдардың жүріп-тұруын қиындатты. Сол кездері Елордамыздағы барлық мешіттерде «Астана – мейрімді қала» жобасы аясында біраз ізгілікті шаралар жүзеге асырылды.

Осы жобаны үлгі тұтқан Қостанай облыстық және қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Тегін такси» қайырымдылық шарасы өткізілді.

Сөйтіп сауабы мол ерекше бастаманың шеңберінде жерлестеріміздің суықтан қалмауы үшін тоңып тұрған жолаушыларды үйлеріне жеткізіп салу мақсатында қайырымдылық таксилері қызмет көрсетті.

Сондай-ақ тамақтандыру жайы да қаралды. Жаны жомарт жандардың бұл ізгілікті істеріне тәнті болған қостанайлықтар қос мешіттің имамдары мен қызметкерлеріне шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру