Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Өңір имамдарының жиналысы өтті 

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 14.02.2019 2616 0 пікір
ШҚО: Өңір имамдарының жиналысы өтті 

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының қала, аудан имамдарының жиналысы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің мәжіліс залында болды. Басқосуға өкілдікке қарасты қала, аудан имамдары қатысты. Алқалы жиында биыл атқарылатын шаралармен алдағы міндеттер талқыланды.

ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имам Ермек Қасболатұлы: «Елбасының бастамасын қолдап ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазірет билығы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты бірқатар рухани-мәдени шаралар жоспарлап отырмыз. Бұл бағытта ҚМДБ-дан берілген жоспар, тапсырмаларды бұлжытпай мерзімінде орындап, нақты нәтижелер көрсетуіміз керек», дей келе 2019 жылы жасалатын іс шараларды таныстырды. Сонымен қатар руханичт жанашыры, мешітке еңбегі сіңіп келе жатқан Қайнар Бауыржанұлы мырзаға өкілдіктің «Алғыс хаты» табыс етілді.

Өкіл имам сонымен қатар қоғамның мейірімділігін таныту мақсатында әр аудан, ауыл имамдарына «Қайырымдылық апталығын» жариялап, мұқтаждарға қол ұшын беру шарасын өрістетуді тапсырды.

Басқосуда имамдарға нақты міндеттер жүктелді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру