Жақында қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында, Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде «2019 жыл Жастар жылы. Діни жат ағымның залалы» деген тақырыпта кездесу ұйымдастарылды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты - еліміздің болашағы жастарды діни жат ағымнан сақтандыру. Осындай маңызы зор басқосуға ҚР Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, полиция генерал-майоры М.Қызылов мырзаның қолдауымен арнайы жетекшілер мен бірге 40 студент, яғни болашақ заңгерлер қатысты.
Осы жиынға ұйытқы болған «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Дархан Қосылбаев қатысушыларға бейнеролик көрсету арқылы өзінің сөзін бастады. Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Әбішев «Дін саласындағы мемлекеттің саясаты» тақырыбында әңгіме өрбітті.
Діни мәселелерді зерттеу орталығының кеңес беру-оңалту жұмыстары бөлімінің басшысы Әсет Нұғманов «Деструктивті діни ағым болмысы мен қауіпі» тақырыбында айтып өтті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
14.02.2019
2996
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру