Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірінде Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Алматы өңірінің баспасөз қызметі 14.02.2019 3291 0 пікір
Алматы өңірінде Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Алматы облысы, Қапшағай қаласында кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына 30 жыл орай интернационалист қазақстандық ардагерлерге және от-басыларына құрмет көрсету мақсатында «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-үлгі» атты салтанатты жиын өтті. Бұл іс шараға Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы қатысып, қаза болған жауынгерлердің рухына Құран бағыштап, Ауған соғысының ардагерлеріне ізгі тілегін білдірді. «Бұл соғысқа барлығы 22 мың қазақстандық қатысып, 924-і жат жерде қаза тапса, 1000-нан астамы мүгедек болып елге оралды, 21-і хабар-ошарсыз болды.

Отан алдындағы міндеттеріне адалдығын ешқашан ұмытпаймыз. Ауған қасіреті мен онда қаза тапқандар есімі біздің жадымызда сақталады», - деп өкіл имам атап өтті. Салтанатты шарада жиналған қауымға дастархан жайылып, ұлттық нақышта музыкалық бағдарлама ұсынылып, интернационалист ардагерлерге иықтарына шапан жабылып, сыйлықтары табыс етілді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру