Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: «Ең бақытты әйел» атты рухани кеш өтті

Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 14.02.2019 3120 0 пікір
Қарағанды: «Ең бақытты әйел» атты рухани кеш өтті

Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Бекқожаның бастамасымен, Қарағанды облыстық «Әнет баба мешітінің ұйымдастыруымен «Vogue» мейрамханасында әйел- қыздар жамағатының құрметіне арнайы дастархан жайылып, «Ең бақытты әйел» атты рухани кеш болып өтті. 

Аталмыш рухани кеште аймағымызға қарасты имамдар мен ұстаздар қатысып, исламдағы әйелдің орны мен дәрежесі жайлы уағыз-насихаттар мен  тәрбиелік тәлімі мол ғибратты дүниелер  айтты.

Кеш соңында айтулы шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысып, сүбелі үлес қосқан «Кәусар» өнер мектебіне және асыл дініміздің дамуына өзіндік қолдауын көрсетіп  жүрген Әбиба анамызға облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ Бекқожаның атынан алғыс хат табысталды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру