Ұмыт болып бара жатқан салт - дәстүрдің кейбір қырларын кейінгі жас буын қыз-келіншектерге, жас шәкірттерге және жалпы жастарға көрсету, үйрету мақсатында Екібастұз қалалық мешітінде ұстаз Шадиева Зәуренің ұйымдастыруымен әйел-қыз шәкірттері арасына «АҚ БОСАҒА» тақырыбы аясында «Қыз ұзату» мен «Келін түсіру» салтын сахналап көрсетті.
Дін-дәстүрдің сарапшысы. Мыңдаған жылдар бойы шариғат шарттарымен үйлесім тауып, сараптамадан өткен қастерлі дәстүріміздің қажетті элементтері бүгінгі күні де қазақ өмірінде кеңінен көрініс беріп келеді. Мәселен, беташар, жар-жар, сарын, сыңсу, ақ келінге ақсақалдың алқалы батасы бәрі-бәрі тапқыр да шешен тамадалардың ұйымдастыруымен тойханалар төрінде жаңаша көрініс табуда.
Екібастұз мешіті шәкірттері бұл дәстүрге ұлттық рең беріп желбіреуік, шымылдық, алқа, сырға, жүзік, той қоржыны мен кәде –сыйлардың үлгісін молынан жасап көрсетуімен ерекшеленді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
mazhab.kz
13.02.2019
4747
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру