Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Зекет» қоры абақтыда отырған азаматтың отбасына тұрақты көмек беруде

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 08.02.2019 2735 0 пікір
Шымкент: «Зекет» қоры абақтыда отырған азаматтың отбасына тұрақты көмек беруде

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет» қоры бірлесіп, кезекті қайырымдылықты абақтыда отырған азаматтардың отбасына көмек беруді қола алуда.

Дәлірек айтқанда, Шымкент қаласы тұратын көпбалалы ана күйуеінің өмірде шалыс басып абақтыға тоғытылғандығы салдарынан жағдайы төмендеп, мешітке келіп қайыр сұрайтын.

Осы жағдайды көрген Шымкент қаласы бойынша «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Әзимбаев жағдайды біліп, олардың уәдесін алып, ай сайын тұрақты түрде көмек беріп тұруды қолға алды.

Нәтижесінде отбасыға азық-түлік және қаржылай көмек берілді. Атап айтқанда бір қап ұн, 5 кг қант, 10 кг күріш, 10 кг макарон, тұз, шәй, 5 литр өсімдікмайы т.б.

Өзінің аты-жөнін жария етуді қаламаған көпбалалы ана енді қайыр сұрамай, адал қызмет етіп, нәпақа табатынын және Діни басқарманың жүйелі қызметіне риза екендігін жеткізді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру