Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Өкіл имам аудандық мешітте уағыз айтты

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 05.02.2019 3354 0 пікір
Маңғыстау: Өкіл имам аудандық мешітте уағыз айтты

Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков 1 ақпан күні Шетпе аудандық мешітіне арнайы барып шам намазынан кейін жергілікті жамағатқа «Амалдар ниетке байланысты» турасында, сонымен қатар мұсылман адамның сипаты мен мұсылманға тән қасиеттер жайында уағыз айтты.

Өкіл имам С.Сейтбеков шам мен құптан намазында имамдыққа шығып, еліміз үшін және барша мұсылмандар үшін дұға етті.

Үрдіске сәйкес мешіт жамағаты уағыздан кейін дастархан жайып, өкіл имам дастархан басында да тұшымды уағыз айтты, дін жолында қызмет етіп жүрген және мешітке қол ұшын созып жүрген барша бауырларға алғысын білдірді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру