Биыл жыл сайын 250-ден астам жан діни сауатын ашып, хат танып шығатын «Нұр Ғасыр» мешітінде жамағат игілігі үшін бірқатар маңызды шаралар бекітілген болатын. Осы шаралардың бірі ретінде әр ай сайын мешіт келушілері мен ақтөбелік жамағат үшін арнайы дастархан ұйымдастырылып, білікті ұстаздар мен имамдар уағыз жұмысын жүргізетін болып бекітілді. Бұл бастама жамағат бірлігі мен ынтымағы үшін арнайы жасалып жатқан іс-шараның бірі болды.
Биылғы алғашқы дастархан уағызын ҚМДБ-ның Ақтөбе өңірі бойынша өкіл имамы «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан өткізді. «Жаратқанды тану жолдары» тақырыбында ой толғаған Төлеби имам мұсылман баласы үшін Раббысына жету жолдары мен жан дүние тазалығының қаншалықты маңызды екенін әсерлі түрде жеткізді. Сондай-ақ, бас имам жамағатты ынтымақ пен ауызбіршілікке шақырып, шариғат білімін меңгеруге жол сілтеді. Дастархан басында өрбіген рухани мәжіліс жамағат арасындағы таныстықты арттыра түскені сөзсіз.
Бұдан былай өкілдікте екі аптада бір жамағатқа арнайы дастархан жайып, уағыз-насихат өткізіп тұру жоспарланып отыр.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
05.02.2019
2888
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру