Қостанай облысы, Қарабалық ауданындағы «Ғашура ана» мешіті аудандық Мұхамеджан Сералин атындағы №3 қазақ орта мектебі оқушылары арасында сурет салудан сайыс ұйымдастырды.
Аталмыш сайысқа 1 мен 7 сынып аралығындағы 20-дан аса оқушы қатысып, өздерінің бағын сынаған болатын. Онда дайындығы мықтылар мен талант деңгейі жоғарылар ерекше көзге түсті.
Сонымен, жарыс қорытындысы шығарылды. Арнайы құрылған мешіт алқасының шешімімен жүлдегерлер анықталып, марапатталды.
I орынды 2 сынып оқушысы Дилназ Абилова, II орынды 5 сынып оқушысы Қайсар Аубакиров, III орынды 7 сынып оқушысы Амина Серікболатова жеңіп алды.
Жоғарыда аталған мешіттің бас имамы Серік Темірбекұлы жүлдегерлерге шығармашылық табыс тілеп, сыйлықтар табыс етті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
01.02.2019
2785
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру