Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елорда имамдары қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды (ФОТО)

muslim.kz 31.01.2019 3316 0 пікір
Елорда имамдары қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды (ФОТО)

ҚМДБ тарапынан жүргізіліп келе жатқан теріс ағымнан сақтандыру бағытындағы профилактикалық ағарту жұмыстарының алар орны айрықша. Арнайы жүздесулер өткізіліп, теріс ағымдар шырмауына алданғандарды ата дінімізге қайтару бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да ауыз толтырып айтарлықтай. Қазіргі таңда еліміз бойынша ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат (РАНТ) тобына қоса, әр өңірлерде Жергілікті ақпараттық түсіндіру топтары құрылып, жемісті еңбек етіп келеді.

Осы орайда, Астана қаласының әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Елорда имамдарынан жасақталған ЖАТТ мүшелерімен арнайы кездесу өткізіп, Бас шаһардағы діни ахуалды жақсартуға қосқан үлестерін айрықша атап өтті. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жұмыс істеп келе жатқан Астана қаласы өкілдігі ЖАТТ мүшелерінің конфессияаралық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтудағы еңбектерін жоғары бағалайтынын жеткізді. Кездесу соңында Елорда имамдарына қала әкімі Бақыт Сұлтановтың атынан «Алғыс хат» табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру