Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде«Бірлікке шақыру» атты кеш болып өтті

Қарағанды облысының баспасөз қызметі 30.01.2019 3936 0 пікір
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде«Бірлікке шақыру» атты кеш болып өтті

Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жыл сайынғы қалыпты дәстүрге айналған «Бірлікке шақыру» атты рухани кеш жоғары деңгейде өтті.

Айтулы шарада Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Аймағанбетов Асxат, Қарағанды қайырымдылық мекемесінің өкілдері, Қарағанды облыстық дін істері басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов, Қарағанды облысының  бас имамы Өмірзақ Бекқожа, Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің бас имамы Жұмабеков Қабылбек, «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нұров Махмұд, Қарағанды мешіттерінің жамағаты, шешен халқы, түрік диаспорасы, және жат ағым өкілдері құрметті қонақ болды.

Жамағат бас қосқан рухани шарада ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша  өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа : «Қазақстан халқының бүгінгі бірлігі мен татулығы — болашақ заман үшін үлгі-өнеге, өсиет болып қала бермек. Елдің бірлігі жамағаттың татулығынан басталады. Ынтымағы жарасқан жамағат – қоғамға үлгі» - деп, өзінің ыстық лебізін білдірді. Сондай ақ, еліміздің діни ахуалын жақсарту жолында аянбай, асыл дінімізді насихаттауға мүмкіншілік тудырған азаматтарға алғыс хат табыстады.

Өткен жылы дәл осы тақырыпта ұйымдастрылған «Бірлікке шақыру» кешінде Алланың қалауымен, өзінің шынайы ниетімен Ислам дінін қабылдап, мұсылман болғанына бір жыл болған Александр атты азаматтың иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Рухани кеште жамағатпен Құран хатым дұғасы бағышталды. Қазақ жəне орыс тілдерінде уағыз-насихаттар айтылды. Сонымен қатар, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің және ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қорының жылдық есебі көрсетілді.

 

      

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру