Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде өңірлік семинар өтті

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 29.01.2019 3024 0 пікір
Өскеменде өңірлік семинар өтті

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйелдер мен қыздар секторының» ұйымдастыруымен жастар жылының аясында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде жастар жылына арналған «Елін сүйгеннің еңсесі биік» атты өңірлік семинар болып өтті. Жиынға аудандардың әйел-қыздар секторының жетекшілерімен ұстаздар, әжелер, жастар қатысты.

Шарада ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы сөз сөйлеп, қоғамдағы жастар тәрбиесі, дәстүрлі тәрбиенің жастар мәселесіне әсері хақында ойларын ортаға салды.

Жиында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин баяндама жасап, ғаламтордың жастар тәрбиесіне ықпалы жайлы ой қозғады.

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйелдер мен қыздар секторының» жетекшісі, ұстаз Талшын Қожахметова: «Біз өкілдіктен жастар арасында «Дәстүр сабақтастығы» мектебін ашып, жастарға салт-санамызды ұлықтау бағытында шаралар жасап жатырмыз. Жастар жылында ұлттық салт-дәстүрімізді дамытып, жастарға ұлағатты тәрбие негіздерін қалдыруымыз керек» деп атап өтіп, жиынға қатысушыларға алғыс білдірді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру