Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Бас имам ата-аналар жиналысында болды

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 29.01.2019 3151 0 пікір
Қостанай: Бас имам ата-аналар жиналысында болды

Елбасымыздың ұсынуымен 2019 жылды «Жастар» жылы деп жариялағаны белгілі. Осы орайда «Рудный құрылыс және көлік колледжінде» ата-аналар жиналысы болып, қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Серікбайұлы шақырылды.

Аталмыш ата-аналармен басқосудың басты мақсаты - қазіргі кезеңдегі еліміздің болашағы болып табылатын жастардың қоғамдағы орны мен тәлім-тәрбиесіне үлкен мән беру, діни сауаттылықтарына айрықша көңіл бөлу.

Осыған орай, Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Серікбайұлы жастардың діни сауаттылығына тоқталып, олардың алдағы уақытта басқа ағымдардың жетегінде кетпеуіне, ата-аналардың үлкен жауапкершілік танытулары қажет екендігін айтып өтті.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру