ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Орал» орталық мешітінде қала және аудан имамдары жыл бойы атқарған іс-шаралары туралы есеп беру жиналысы өтті.
Орал орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұловтың басшылығымен өткен дәстүрлі жиынға аудан мен екі қаланың имамдары қатысты. Мұндағы мақсат – дін насихатын күшейте түсу, имамдардың біліктілігін арттыру, тәжірибесін шыңдау, діни қызметтің жауапкершілігін сезіндіру, кеткен кемшілік пен олқылықтарды болашақта барынша болдырмау.
Имамдар бұл жолы жылдық есепті ойдағыдай орындап, әр бас имам жеке-жеке баяндады.
Имамдардан жылдық есеп алу барысында өкіл имам Еркебұлан Ыбырайымұлы өз ісін жауапты және ойдағыдай атқарған имамдарды ерекше атап өтіп, алғысын білдірді. Жиналыста имамдардың ұсынысы, алдағы жұмыс жоспарлары да тыңдалды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өңірінің баспасөз қызметі
29.01.2019
3017
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру