ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қолдауымен, облыс орталығынан шалғай орналасқан, асыл дінімізге қызмет істеп жатқан аудан және ауылдың имам-молдаларына «Қажылық қоры» арқылы қаржылай көмек көрсету қолға алына бастады.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы Есенболат Абуғалиев, Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Ерік Сұлтанов, Казталов аудандық мешітінің бас имамы Жандосбек Құсайынов пен осы ауданға қарасты Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұрәлиевке қаржылай көмек берілді.
Дін қызметкерлерін қаржыландыру олардың жұмысқа деген ынтасын арттырып және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Дінбасының аталмыш қамқорлығына Батыс өңірінің имам-молдалары өз ризашылығын білдіруде. Бұдан былай республикалық қордан тізімдегі имамдарға қаржылай көмек көрсетіліп тұрмақ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өңірлік баспасөз қызметі
29.01.2019
2661
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру