Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Білімді жас – Ел болашағы

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі. www.islam-atyrau.kz 23.01.2019 3203 0 пікір
Атырау: Білімді жас – Ел болашағы

Биыл Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай, барлық облыстарда жастар мәселесі назарға алынып отыр.

Орталық «Иманғали» мешітінде өткен айлық дастархан осы мәселеге арналды. Жиынға Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров арнайы қатысып, шараны кіріспе сөзбен ашып берді. Одан әрі айлық дастарханда Құлсары қаласында орналасқан Жылыой мұсылмандар орталық мешітінің ұстазы Дастан Сүлейменов жастарға дәстүрлі бағыт, оның ішінде ілім алудың маңыздылығы жайында уағыз айтты.

«Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) білімнің артықшылығы туралы көп естіген сахабалардың білім жөнінде айтқан сөздеріне құлақ салайық. Ибн Умар (Алла одан разы болсын) айтады: «Дін үйрену үшін бір сағат отыру – алпыс жыл нәпіл намаз оқыған сияқты болады» деген. Хасан әл-Басри «Бақара» сүресі 201 аятындағы «Уа, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде жақсылық бер және ахыретте жақсылық бер» деген аятта бұл дүниедегі жақсылық бізге білім және ғибадат, ал ахыреттегі жақсылық жәннәтқа кіргіз» деген мағынадағы дұға деген. Белгілі мәзхаб башысы Имам Ахмад айтады: «Егерде білім алушының ниеті тура болса, онда оған ешкім тең келе алмайды. Оның ниеті – білімсіздікті жойып, жақсылыққа шақыру болуы керек» деген. Имам Шафи (Алла оны рахым қылсын): «Білім алу – нәпіл намаз оқудан жақсы. Білімді жақсы  көрмеген адамда жақсылық болмайды. Білім алуға қызықпаған адамменен достаспаңдар!» деп өсиет еткен. Демек, әр мұсылман баласына білім алу парыз» деп атап өтті ұстаз Дастан Сүлейменов.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру