Жуырда Діни Басқарма шешімімен «Қажылық қоры» есебінен имамдарға айлық төлеу үшін тиісті қаражат бөлінген еді. Мүфтияттың аманаты бұйырғанына жетіп жатыр, қазір. Елімізде 2626 мешіт болса, 6189 дін қызметкері бар. Алайда, олардың 30 пайызы ғана тұрақты айлықпен қамтылған.
Мүфти Хазірет ауылдарда айлықсыз қызмет етіп жүрген имамдардың еңбекақы мәселесін кезең-кезеңімен шешу жоспарда барын айтты. Әл-әзірге елдегі өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 103 имамға 50 мың теңге көлемінде айлық төленді.
Діни Басқарма тарапынан Түркістан облысына бөлінген қаражат 12 ауданнан 12 имамға берілді. Алғашқы айлықтарын өкіл имамның өзі тапсырды. Жалақыға қолдары жеткен олар қуаныштарын жасыра алмады.
Түркістан облысында 722 мешіт, 945 қызметкер бар. Олардың құрамында мешіттің имамдары, орынбасарлары, ұстаздары, азаншылары болады. Небәрі 108 имам, молдалар «Уақып» қоры арқылы қайырымдылық көмек алады. Қалғандарының жартысынан көбі айлықсыз дінге қызмет етіп жүр. Аз бөлігі ғана тұрақты демеушілердің қамқорлығында.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі
22.01.2019
2990
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру