Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ  МОЛДАЛАР  СЕРТИФИКАТ  АЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 22.01.2019 3130 0 пікір
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ  МОЛДАЛАР  СЕРТИФИКАТ  АЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстағы молдаларға арналған оқыту семинары өткізілді.

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткізілген семинарды алғы сөзімен бастаған Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы:

«Дүмше молда дін бұзар» - демекші, мұсылман адам үшін, оның ішінде имам-молдалар үшін дінді насихаттау алдымен өзінен, өзінің көркем мінезділігін қалыптастырып,  сауаттылығын арттырудан басталады.»- дей келе, оқыту семинарының мақсаты мен маңызын түсіндірді.

Білім жетілдіру семинарында облыстық мешіт қарилары наиб имам Ш.Садуов және ұстаз М.Абжалелов «Құран тәжуид» бойынша қатысушылардың құран оқудағы қателіктерімен жұмыс жасаса,  қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы М.Үркімбаев «Ақида», «Сұлтан» мешітінің Бас имамы Қ.Отызбаев «Ахлақ» пәндері,  Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» мешітінің Бас имамы Б.Сүлейменов «Жаназа және жерлеу рәсімдері» бойынша дәріс өткізді.

Семинар соңында Өкіл имам қатысушыларға алғыс білдіріп, 72 молдаға өкілдік тарапынан дайындалған сертификатты табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру