Сириядан елімізге оралған балалар ДНК-сынақтан өтеді. Бұл жөнінде қоғамдық даму министрлігі мәлімдеді. Процедура елге жеткізілген жеткіншектерді асырап алғысы келетін ағайындары үшін жасалмақ, деп хабарлайды Astana-TV.
Сонымен қатар, ведомство өкілі тағы 30 әйел мен 60 баланы Қазақстанға қайтаруға дайындап жатқанын жеткізді. Сирия мен Ирак аумағында барлығы бес жүзден астам жасөспірім жүр. Олардың көбісі сол жақта дүниеге келген. Ал, ата-анасының құжаттарын лаңкестер жойып жіберген.
Былтыр 20 адам сыртқы істер министрлігіне өтінім жазып,сириядағы туыстарын қайтаруға көмектесуді сұраған. Министрліктің мәліметінше, бұл тектес өтініштер әлі күнге дейін түсіп жатқан көрінеді.
Еске салайық, ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпаратына сәйкес, әскери қақтығыс аймақтарында қазір тоғыз жүзге тарта Қазақстан азаматы жүр. Олар 2011мен 2016 жылдары аралығында елден кеткен.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.kazislam.kz
22.01.2019
2725
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру