Үшқоңыр медресе колледжі жылда ҚР Кіші Ғылым Академиясының ғылыми-практикалық конференцияларына белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Сондай жетістіктеріміздің бірі 2019 жылғы 19 қантарда Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласындағы «Талғар политехникалық колледж МКҚК» базасында «Жастардың ғылыми ізденістегі зияткерлік мүмкіндіктері» тақырыбында ҚР Кіші ғылым академиясының V аймақтық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, әділқазылардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жетекшілер сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталды.
Атап айтқанда Үшқоңыр медресе колледжі «Исламтану» мамандығының студенттері I дәрежелі Дипломмен ИНМ-1-9 студенті Ерхамза Асия «Жүгері таяқшасынан жасалған пластика» тақырыбымен (ғылыми жетекшісі Шукурова Әсем) және ИХ-1-9 студенті Яхуда Думан «Қазақ және араб ауыз әдебиетіндегі айтыс және өлең-жырларының ұқсастықтары мен ерекшеліліктері» (ғылыми жетекшісі Х. Хуат).
III дәрежелі Дипломмен Абдығұлова Қымбат «Біз және көгілдір экран» (ғылыми жетекшісі Скакова Динара), Нұрланқызы Ажар «SCRATCH бағдарламалау ортасында анимация құру» (ғылыми жетекшісі Сәулет Жемісгүл), Дүйсенбай Аяулым «Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің хадистермен үндестігі» тақырыбымен (ғылыми жетекшісі Мәден Гүлсін).
Алғыс хатпен Әмірғали Жансая «Сүлік және оның пайдасы» тақырыбымен (ғылыми жетекшісі Бағдал Ардагуль), Жанузакова Ляззат «Адамның мінез-құлқы қоршаған ортаға байланысты өзгере ме?» тақырыбымен (ғылыми жетекшісі Жолдаспаева Нұргүл), Ауғажы Дариға «Балдың пайдасы» тақырыбымен (ғылыми жетекшісі Бағдал Ардақ), Абидуллаева Асел «Құрма- жеміс мырзасы» тақырыбымен (ғылыми жетекшісі Бағдал Ардақ) және Сыдықов Ақжол - алғыс хатпен, марапатталды.
Ерхамза Асия мен Яхуда Думан Алматы қаласында өтетін облыстық конференцияға жолдама алды.
Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым академиясының ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, желделі орындарға ие болған студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Колледж директоры Абзал Майлыбайұлы
21.01.2019
5751
1 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Аубакирова Айымгуль Темиржа... | 10.02.2019 09:19
Ассаляму алейкум осы кыздарга арналган
медресе жайлы акпаратты кайдан алуга болады телефон номер барма