2019 жылдың 14-қаңтарында ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты жаңа оқу легін бастады. Биылғы жылдың ең алғашқы оқу легіне Ресей Федерациясының Омбы қаласынан 12 имам дәріс тыңдауда. Ресейлік имамдарды оқыту Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Омбы облысы діни басқармасы арасында жүргізілген келісім аясында жүзеге асуда.
2018 жылы Ислам институтында еліміздегі имамдарды қоса есептегенде, Моңғолия мен Ресей Федерациясынан барлығы 204 имам, оның ішінде 21 дін қызметкері Омбы өңірінен және Моңғолия Республикасынан 9 имам білімін жетілдірді. Тегін оқу гранты бойынша 41 имам білімін шыңдады.
Жалпы институт жоспары бойынша, алдағы оқу легіне Ресейдегі 20 қандасымызды оқыту жоспарланып отыр.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ислам институтының баспасөз орталығы
18.01.2019
3729
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру