Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан облысы: Найб мүфти Кентауға барды

ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 18.01.2019 3330 0 пікір
Түркістан облысы: Найб мүфти Кентауға барды

ҚМДБ Төрағасының орынбасары Алау қажы Əділбаев Кентау қаласына іс-сапармен барды. Алдымен орталық мешітте жергілікті жамағатқа шыншылдық турасында уағыз айтты. Жұртшылық наиб Мүфтиді қуана қарсы алды. Намаздан соң да кідіртіп, ақсақалдар емен-жарқын əңгімелесті.

Төраға орынбасары ҚМДБ тарапынан атқарылып жұмыстарды баяндап, халықпен қарым-қатынасты бекемдеу керектігін айтты. Қариялар түкпірдегі Кентауға арнайы келген найб Мүфтиге дəн риза болды. Бұл олар үшін күтпеген кездесу болғанын жеткізді. Əрі баталарын беріп, Мүфтияттың тірлігіне сəттілік тілесіп қалды.

Ғалым-ұстаз Кентаудағы "Балаби қари" орталығында болып, келешек қариларға Құранды жаттап қана қоймай, нығметі мен хикметіне сай амал қылуға шақырды. Шәкірттерге кішігірім дәріс өтті.

Сондай-ақ сапары барысында Алау қажы Əділбаев жергілікті имамдармен кездесіп, қаладағы діни ахуалмен танысты. Имамдарға заман талабынан қалыспау керектігін ескертті. Ел мен дін үшін адал əрі нəтижелі еңбек сіңіруге үндеді.

Айта кетелік, ҚМДБ Төрағасының орынбасары Түркістан шаһарында да Құптан және Жұма намаздарында жоспарға сай арнайы  насихат айтатын  болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру