Менеджмент, психология ғылымдары соңғы уақытта жұртшылықтың қызығушылығын арттыруда. Себебі бұл адамдардың өмір салтын жақсартып, жұмыс өнімділігін арттыруда маңызды пәндерге айналғаны рас. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінің оқытушы-профессорларына арналған семинар-тренинг осы тақырыптарды қамтыды. Маркетинг бөлімінің маманы Мәжит Ғабитұлы дәрісті арнайы ойынымен бастады. Сырт көзге баланың ісіндей көрінген бұл әдіс ұжымдық рухтың қандай бағытта екенін анықтауда маңызы зор. Маркетолог Мәжит Ғабитұлы нәтижелерге қарап, ұжымдағы ғана емес оқытушылардың қосымша мүмкіндіктерді пайдалануына қатысты болжам-бағасын берді:
Сапалы адамнан сапалы өнім шығатынын алға тартқан маман ортақ мүддеге жұмыс істеудің ерекшеліндерін де жан-жақты түйсіндірді.
Ал психолог Шұғыла Дуанаева ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас түрлеріне ғана емес, шәкірттердің психологиялық, табиғи болмысының ерекшеліктеріне де кеңірек тоқталды. Оқытушылармен арада сұрақ-жауаптар жасалып, күнделікті өмірде кездесетін жағдайлар талқыланды. Жан-жақты дайындықпен жасақталған оқытушы-профессорларға ұйымдастырылған бұл семинарлардың жемісі жаңа оқу маусымында нәтижесін аңғартары анық.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
17.01.2019
3103
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру