Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2019 жыл – жастар жылы болып бекітілгені баршамызға мәлім.
Осы орайда, Сыр өңірінің белсенді жастары аталмыш жылда атақарар игі жұмыстарының «бісмілләсін» ардагерлермен кездесіп, баталарын алумен бастағанды жөн санады.
Аталмыш кездесуге Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы А.Жексенов, қалалық «Айтбай» мешітінің наиб имамы Д.Талқанбаев, облыстағы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов, облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Т.Тілес, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Ж.Алдабергенов, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысып, бірқатар жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенов бастаған бір топ ақсақал аймақ жастарына өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, бағыт-бағдар берді. Кездесу соңында жасампаз елдің жарқын бейнелі жас тұлғаларын әрдайым қолдауға дайын екендіктерін жеткізе отырып, ақ баталарын берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
16.01.2019
2811
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру