Таныстыру
Басылымның қаңтар айындағы санында жарияланған материалдарды қысқаша таныстырайық. Журнал «Отанды сүю – иманнан» айдарымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» деген мақаласымен ашылған. «Тарихи тағылым» айдарымен «Алаш арыстарының арпалысы», «Тәпсір» айдарымен ««Мүжәдәлә» сүресі» (жалғасы), «Ақиқатын айтсақ» айдарымен «Қазақ халқының әдебиет өнері туралы», «Салт-дәстүр» айдарымен «Еңбекке баулу», «Пәтуә» айдарымен «Делдалдық қызмет», «Құлшылық» айдарымен «Таһажжуд намазының рәкат саны», «Уағыз» айдарымен «Шынайы ықыласты құлдар», «Аяттар, хадистер...» айдарымен «Қиянат жасамаңыз», «Өнеге» айдарымен «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибадаттары», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Орындалуы оңай 10 сүннет», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Руласқыз бен жігіт шаңырақ көтере ала ма?», «Тазалық» айдарымен «Ғұсыл (бойдәреті)», «Балаларға базарлық» айдарымен «Рыдуан биғаты (мойынсұнуы)», «Отан отбасынан құралады» айдарымен «Ер кісінің міндеттері», «Даналық» айдарымен «Үштік бап» деген материалдар жарық көрген.
Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:
«Тарихтан тағылым» айдарымен «Түркі атабектері құрған квази-мемлекеттер», «Ұлылар ұлағаты» айдарымен «Кітап туралы», «Алладан тілейік!» айдарымен «Ең абзал дұғалар», «Ақида» айдарымен «Махшар күні деген не?», «Ақиретті еске ал» айдарымен «Қабір – ең қорқынышты мекен», «Ой салу» айдарымен «Орынсыз ажырасу – алжасу», «Халық қазынасы» айдарымен «Мақал-мәтелдер», «Ұлттық ойын» айдарымен «Тымпи», «Данадан үйрен» айдарымен «Әнет баба мен Әйтеке би», «Насихат жыр» айдарымен «Жалған дүние...», «Тарихи тұлға» айдарымен «Әбілмәмбет хан», «Дәстүр» айдарымен «Қонақ келсе құт», «Қазақы құндылық» айдарымен «Кемпір ұзату», «Шариғат» айдарымен «Әйеліме айтпай екіншісін алсам...», «Сіз білесіз бе?» айдарымен «Зәмзәм», «Абайла да сақтан» айдарымен «Есірткіге әуестенбе!» деген танымдық мақалалардың да оқырмандарын қызықтырары сөзсіз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2019 жылға жазылудың аяқталып қалғанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан соңғы жылға дейін жазылу бағасы бір деңгейде сақталып, енді біршама қымбаттатуға тура келді. Өз мекен-жайыңыз бойынша
жергілікті мешіт арқылы жазылсаңыз осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.
Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 3000 теңге. Журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады. Былтырдан бастап үш айға не жарты жылға жазылу қабылданбайды. Тұтас бір жылға жазылу қажет. Астана мен Алматы қалалары тұрғындарының басылым редакциясы арқылы келіп жазылып, оны алуына болады. Бұл мүмкіндікті пайдаланыңыз.
Оқырмандар «Иман» журналына жазылу бағасын «Қазпошта» АҚ-ның кез келген бөлімшесінен біліп, жазыла алады.
Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.
ОҚЫРМАННЫҢ ЕСІНЕ: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда "Иман" журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ.
«Иман-Сенім» ЖШС реквизиттері
БИН 120940011498
Р\С KZ 288560000005684077
АО «Банк Центр Кредит»
БИК KCJBKZKX
KBE 17
РНН 600900658515
050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі 12.
Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласуыңызға болады: 8 (727) 397 63 84, 397 63 91, +7 778 948 74 10
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
14.01.2019
3150
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру