Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

КӨКШЕТАУДА  ҚҰРАН  ЖАТТАУ  ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

www.muftyat.kz 14.01.2019 4553 1 пікір
КӨКШЕТАУДА  ҚҰРАН  ЖАТТАУ  ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қасиетті жұма күні Көкше жұрты имани оқиғаның куәсі болды. Тілеулес қажы атындағы Құран жаттау орталығы салтанатты жағдайда ашылды. Бұл шараға зиялы қауым, діни қызметкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Рәсім Құран оқумен бастау алып, құрбан шалумен жалғасты. Алғашқы сөз сөйлеген ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкілі, Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит барша қауымды асыл дініміз үшін осы бір елеулі оқиғамен құттықтады. Көкше елінде тұңғыш Құран жаттау орталығы ашылып отыр. Бұл жастарымызды имандылыққа тәрбиелеудің қиелі ордасына айналады.

Құран жаттау орталығын ашудың алқызыл лентасын облыс имамы Қуаныш Сәбит, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Көшімбаев, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев және еңбек ардагері, қажы Мүтәллап Ғабдоллаұлы кесіп, аталарымыз баталарын берді.

Бұл орталықтың ашылуына ұйытқы болған Болат Көшімбаевқа елдің ықыласы жоғары. Ол өзінің еңселі коттедж үйін жас ұрпақ өкілдерінің Алланың сөзімен сусындауға беріп отыр.Аяулы жары, Тілеулес қажының есімі берілген бұл орталықта алдағы уақытта Құран жаттау сабақтары өтетін болады.

Өкіл имам Қуаныш Сәбит жиналған қауым алдында Бас мүфтидің бұйрығымен Құран жаттау орталығының директоры болып тағайындалған Теміржан қари Өтежанұлын таныстырды.

Осы күні жұма намазында жаңа орталықтың күрделі жөнделуіне сүбелі үлес қосқан Асхат Адайұлы Бас мүфтидің Алғыс хатымен марапатталды.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

murat | 14.01.2019 01:46

Ассаламу алейкум! Тамаша Алла Тағала ат салысқандарыңыз үшін разы болсын,Шәкірттердің Құран кәрім жаттайтын жерлері өте тар Құран кәрим жаттайтын жер кеңірек болу керек және астарынан ызғар өтіп жүрми ма қалыңдау кілем төсеу керек секілді,бөлме тар болып жатса ауасыда тарлау болады.Сынағаным емес қате түсінбеніздер!Болашақ Қариларды ойлағанымғой.