Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев Сириядағы қақтығыс аумақтарында қанша Қазақстан азаматы жүргені туралы сұраққа жауап берді.
ҰКҚ департамент басшысының айтуына қарағанда, Сирияда қазіргі таңда 370-380-ге тарта Қазақстан азаматты әлі де бар.
Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сириядан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бойынша гуманитарлық операцияға байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, 6 қаңтарда құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан Қазақстанның 47 азаматы, соның ішінде 30 бала елге қайтарылды. Сонымен бірге, бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев «Жусан» операциясынан кейін де қақтығыс аймақтарында жүрген қазақстандықтарды Отанына қайтару жұмыстары жалғасатынын мәлім еткен болатын.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.kazislam.kz
11.01.2019
3084
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру