Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Төлебиде “Мәуліт” атты мешіті ашылды

yassi.kz 05.01.2019 4049 0 пікір
Түркістан: Төлебиде “Мәуліт” атты мешіті ашылды

Түркістан облысы Төлеби ауданы, Ленгер қаласында Пайғамбарымыздың туған айының құрметіне «Мәуліт» атты сәулетті мешіт жамағатқа есігін айқара ашты. Алла үйінің ашылу рəсімі сəн-салтанатымен өтті.

Ал, Түркістан облысының өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді Төлебилік жұртшылыққа Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының құттықтауын жеткізді. Пайғамбарымыздың құрметіне ашылған мешітке «Мәуліт» есімін берілді. Игі іске атсалысып, іші-сыртын толық жабдықтап берген азаматтарға шынайы алғысын айтты.

Аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров мешіттердің ашылуы баршамыздың бірлікті тірлігіміздің жарасымдылығы мен ынтымақ арқасында салынғанына қуанышын білдірді. Ауданға қарасты ақсақалдар, арнайы келген қонақтар да ақжарма тілектерін жаудырды.

Мешітке қасиетті Құран кітабы сыйға тартылды. Жамағат екі рəкағат нәпіл намаз оқып, Аллаға шүкіршілік білдірді. Жұртшылық мешіт қызметкерлерінің дін жолындағы жұмыстарына сәттілік пен береке тіледі.

Дəулетіне сəулетін сай қылып “Мəуліт” атты мешіттің салынуына себепкер болған Нұржан Оразалиевке “Алғыс хат” беріліп, шапан жабылды. Мешіттің құрылысы бір жарым жылдың ішінде толық тәмамдалды.

Бір уақытта мешітте екі жүзге жуық жамағат құлшылықтарын ете алады. Мешіттің михрабы қазақи оюлармен безендендірілген, заман талабына сай жабдықталған.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру